Астанада лифтіде пранк жасағандар қамауға алынды

1407
Adyrna.kz Telegram
Сурет: bobrlife.by
Сурет: bobrlife.by

Астанада лифтіде пранк жасаған екі ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олар төбелескен болып, соңында жасанды қару көрсетіп, лифт ішіндегі екі жігітке жалған ойын көрсеткен. Видео кадрларынан лифтке кездейсоқ кірген жігіттердің қаруды көрген кезде қатты қорыққаны көрсетілген.

Астанада полиция қызметкерлері пранкерлерді қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін ұстады.

"Мұндай әрекеттер қайтымсыз салдарға, соның ішінде дүрбелеңге, азаматтардың әл - ауқатының нашарлауына немесе куәгерлердің агрессивті реакциясына әкелуі мүмкін", - деп атап өтті полиция.

Осы факт бойынша пранктың ұйымдастырушысы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты уақытша ұстау бөлмесіне қамаумен ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер