Министр федерация президенті болып тағайындалды

1205
Adyrna.kz Telegram
Фото: Индустрия және құрылыс министрі
Фото: Индустрия және құрылыс министрі

Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан регби федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2025 жылдың 25 қаңтарында "QAZAQSTAN RUGBY" заңды тұлғалар бірлестігінің кезектен тыс жалпы жиналысында Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев федерацияның жаңа басшысы ретінде бірауыздан сайланды.

Федерация жаңа басшының жетекшілігімен келесі бағыттарға баса назар аударылатыны хабарланған:

  • Республика бойынша балалар мен жасөспірімдер секцияларының қолжетімділігін арттыру;
  • Халықаралық аренада жетістіктерге жеткен әйелдер құрамасын қолдау;
  • Мамандандырылған инфрақұрылымды салу және жаңғырту;
  • Әлеуметтік желілер, медиа жобалар мен спорттық іс-шаралар арқылы регбиді белсенді түрде насихаттау.

"Қазақстанда регби өз дамуын жалғастырып жатыр. Әсіресе әйелдер құрамасының жетістігі байқалады - ол әлемдік рейтингте 19-шы орында және беделді халықаралық турнирлерде бірнеше рет жеңіске жеткен. Бұл ретте ерлер құрамасы мен жастар құрамасы да халықаралық аренада көрініп келеді", - деп толықтырды министрлік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер