"Қазақстан Ресей болсын". Беларусь азаматы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін 2 жылға сотталды

1846
Adyrna.kz Telegram
Алматыда тұратын Беларусь азаматы Татьяна Мезина ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Медеу аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты 38 жастағы Татьяна Мезинаға қатысты үкім шығарды. Оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша айып тағылған.
Іс материалдарына сәйкес, ол украиналық блогер “Xan VASYL” есімді қолданушымен “Чат-Рулеткада” сөйлесу барысында тілге және аумақтық тұтастыққа қатысты ұлтаралық араздықты қоздыратын пікірлер айтқан.
"Қазақстанның Ресейге қайта оралғанын, Ресейдің қарамағына өткенін қалайсыз ба?"  деген сұраққа айыпталушы “Иә, дінімді ауыстырамын, Беларусьті де алсын, бәрін алсын, бір ел болайық. Қазақстан Ресей болсын”, – деп жауап берген.
Сондай-ақ Ресей әскері Қазақстанға келсе, қуана қарсы алатынын және солардың жағына өтетінін ашық айтқан.
Судья Залина Махарадзе сотталушының кінәсін мойындауын және өкінуін ескеріп, оған ең төменгі жаза – 2 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Айта кетейік, бұл бап бойынша ең ауыр жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер