Мусин дұрыс айтқан. Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Токиодан озды

1368
Adyrna.kz Telegram

Speedtest Global Index әлемдегі ең жылдам интернеті бар елдер мен қалалар бойынша өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаңа зерттеуде 154 елдің 200-ге жуық қаласы талданды. 

Әлемдік сервистің дерегінше, мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан бір сатыға көтеріліп, 57-орынға табан тіреді. Орташа жүктеу жылдамдығы – секундына 53,76 мегабит. Республикамыздағы мобильді интернеті ең жылдам қала – Алматы, одан кейінгі орында Астана тұр. 

Тізімде 58-орында Жапония (53,54 мегабит секунд) орналасты. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша үздік үштікке Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар мен Кувейт енген. Ең төменгі көрсеткіш Ауғанстанда тіркелді, бұл елдегі орташа жүктеу жылдамдығы секундына 8,2 мегабит болған. 

Ал кең жолақты интернет жылдамдығы бойынша еліміз 88-орынға жайғасты (73,67 мегабит/с).

Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Бағдат Мусин Астанада интернет жылдамдығы Токиодан да жоғары деп мәлімдеген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер