Ойыншылармен бірге бапкерлер де бар. Хоккейден Қазақстан чемпионаты төбелеспен аяқталды

1873
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының соңғы ойыны жаппай төбелеспен аяқталды. Бұл туралы инстаграмдағы «Головой об лед» арнасында видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, "Бейбарыс" пен "Арлан" (0:4) арасындағы матч барысында бір рет ғана төбелес болған. Бірақ төреші ысқырығы естілгеннен кейін қос команданың хоккейшілер ғана емес, тіпті жаттықтырушылар мен клуб қызметкерлері де бір-біріне наразылық білдірді. Мұның соңы жаппай төбелеске ұласты.

Желіге тараған видеода әділетсіз шешіммен келіспеген клуб қызметкерлерінің бірі ойыншыларды сабырға шақырудың орнына олармен бірге төбелеске кіріскені көрінеді.

“Қызметкерлердің бірі (қай клубтың екені әзірге белгісіз) ойыншыларды тыныштандырудың орнына, құлап жатқан хоккейшіні ұрады. Бұл дұрыс емес, біз бұл әрекетті қате деп есептейміз”,- деп жазады арна.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер