Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара келісіміне - 20 жыл

1208
Adyrna.kz Telegram
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

2025 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толды. Бұл құжат шекараны делимитациялаудың аяқталуын және екі ел арасындағы тұрақты, тату көршілік қарым-қатынастардың орнауын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Baq.kz-ке сілтеп.

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара 2005 жылы картада нақты анықталып, делимитациядан өтті. Келісім 2006 жылдың қаңтарында күшіне енді. Бұл посткеңестік кеңістіктегі ең ұзын құрлық шекарасы – 7548 шақырымды бейбіт әрі тиімді реттеудің үлгісіне айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісімді халықаралық деңгейде танылған, екіжақты тұрақтылықтың негізі деп атады. Оның айтуынша, шекара туралы шарт Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тіркелген және аумақтық дауларға жол бермейді.

Шекараның нақты анықталуы – кез келген тәуелсіз мемлекет үшін аса маңызды. Бұл келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және саяси қатынастардың нығаюына негіз қалады. Сонымен қатар, шекара аймағындағы заңсыз көші-қон мен контрабандаға қарсы күресте маңызды рөл атқарды.

Бүгінде екі ел арасындағы шекараны демаркациялау жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл процесс шекараны нақтылаумен қатар, қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан мен Ресей энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Мысалы, үш жаңа ЖЭО құрылысы, Екібастұз ГРЭС-ін жаңғырту және елдің оңтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру сияқты ірі жобалар іске асырылуда.

Ресей Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 20 миллиард доллардан асты.

Саясаттанушы Әйгерім Оспанова Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара келісімі посткеңестік кеңістіктегі тұрақтылық пен бейбіт шешімнің үлгісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, экономикалық, мәдени және саяси бағыттарда ынтымақтастықты одан әрі дамыту екі елдің мүддесіне сәйкес келеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер