Әскердегі өлім. 18 жастағы сарбаз қайтыс болды

414
Adyrna.kz Telegram
фото: Elorda.info
фото: Elorda.info

Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні болғаны анықталды. Сарбаздың 18 жаста болған.

«2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады 24kz арнасы.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.  Сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер