Көшеде жастарды күштеп әскерге әкету қаншалықты заңды?

1332
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрлігі әскерге жастардың қолын қайырып, күштеп алып кетуі қаншалықты заңды екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Вице-министр әскерге шақырылғандарды көшеден күштеп алып кетуге қатысты қорғаныс министрлігінің ұстанымы қандай екенін айтып, пікір білдірген.

"Біз құқықтық мемлекет құру туралы айтып жатырмыз. Заң бар, әр азамат бұл заңды орындауға міндетті. Азамат салық төлемегенде жауапқа тартылады, бұл мәселені ешкім талқыламайды. Бұл жерде де қос стандарт болмауы керек. Заңның аты заң. Заң қатал, бірақ ол заң, сондықтан әрбір азамат орындауға міндетті", – деді вице-министр.

Сұлтан Камалетдинов егер қазақстандықтар құзырлы органдардың қандайда бір әрекетін заңсыз деп санаса, сотқа жүгіне алатынын айтты.

Пікірлер