Марқұмның туысы кешірді. Продюсер 3 жылдан кейін өтелетін жазаға кесілді

850
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Алматы соты осы жылдың жазында автобуспен болған жол-көлік оқиғасы бойынша айыпты деп танылған Анель Сартаеваны түрмеге қамау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Алмалы аудандық соты көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша (ҚК 345-бабының 3-бөлігі) айыпталушы С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады», - деп мәлімдеді Алматы сотының баспасөз қызметі.

Айыптауға сәйкес, Сартаева «жол бер» белгісін елемей, жолға шығып кеткен, сол жерде ол қалалық автобуспен соқтығысқан. Автобус инерциямен бағдаршамды соғып, тротуарға шығып, дүкен ғимаратына соғылған. Жолаушылардың бірі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Сот барысында әйелдің кішкентай баласы бар екені айтылды. Ол өзінің кінәсін мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұраған. Қаза тапқан жолаушының ұлы сотта айыпталушыны кешіріп, ешқандай талап қоймаған.

Сот үкімі бойынша, С. ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған көлік жүргізу құқығынан 5 жылға айыру жазасы тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігі негізінде үкімді орындау мерзімі 3 жылға, баласы 3 жас 9 ай болғанға дейін кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, Анель Сартаева Salem Social Media медиакомпаниясының продюсері болған және «5:32», «Эскорт», «1286» сынды сериалдардың продюсері ретінде танылған.

Пікірлер