Бұқар жырау ауданының 2024 жылғы инвестиция көлемі 48 млрд теңгені құрады

151
Adyrna.kz Telegram

2024 жылы Бұқар жырау ауданында негізгі капиталға 48 млрд теңге инвестиция салынды. Оның 41 млрд теңгесі – жеке инвестициялар. Қаржы негізінен кәсіпорындарды жаңғыртуға, құрылыс пен техника сатып алуға жұмсалды.

Ірі жобалар қатарында:

«Қарағанды Power Silicon» ЖШС – 12 млрд теңге;

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – 18 млрд теңге;

«Қазақавтожол» ЖШС – 2,9 млрд теңге;

«Power Blast» ЖШС – 900 млн теңге.

2025 жылы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында 21,8 млрд теңгеге 4 жаңа жоба іске қосылады. Олар алюминий радиаторлар, сэндвич-панельдер, су есептегіштер және теміржол бөлшектерін өндіретін зауыттар.

Сондай-ақ, қуаттылығы 500 МВт жел электр станциясы салынады. Жобаның құны – 336 млрд теңге. Құрылыс Баймырза, Тұзды ауылдарында және Ғабиден Мұстафин, Ақтау кенттерінде жүргізіледі.

Бұл жобалар Бұқар жырау ауданының экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

 

Пікірлер