11 қаңтарда Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жерасты дүмпулері 11 қаңтарда Астана уақытымен 16:15-те тіркелгенін хабарланды. Ал жер сілкінісінің күші 3,8 баллды құраған.
" Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 43,59 градус, шығыс бойлық 77,80 градус. Энергетикалық класс K=8,8", - делінген хабарламада.