Астанада Дубай шоколады арқылы алаяқтық жасаған адам сотталды

1551
Adyrna.kz Telegram
Фото: karl-marks.ru
Фото: karl-marks.ru

Астанада бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Сот материалдарына сәйкес, А. есімді азамат әлеуметтік желілерде Дубай шоколады сатамын деп, жәбірленушілерді алдап, олардың ақшаларын иемденген. Нәтижесінде, ол 10 адамнан жалпы сомасы 301 020 теңге қаражат жымқырған.

Сот барысында айыпталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтары, банк аударымдары және іс материалдарымен толық дәлелденді. Прокурор соттан А.-ға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығы шектелді.

Айта кетейік, Дубай шоколады біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде трендке айналып, сұраныс пен бағасы күрт өскен еді. Бұл жағдайды алаяқтар өз пайдасына пайдаланған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер