"Қазгидромет" республикалық метеорологиялық қызметі Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Астана қалаларының тұрғындарына ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары туралы ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"2025 жылғы 11 қаңтарда Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде", - делінген хабарламада.
Мамандардың мәліметінше, аталған қалаларда зиянды заттардың атмосферада жиналуына әкелетін табиғи құбылыстар күтіледі. Бұл жағдайлар, әсіресе, әлсіз жел, тұман және инверсия әсерінен орын алады.
Қолайсыз ауа райы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан шетелдік ғалымдар мұндай жағдайда халыққа денсаулықтарына мұқият болуды, мүмкіндігінше далада ұзақ уақыт жүрмеуді, ауаны тазартатын құрылғыларды пайдалануды және маска тағуды ұсынады.