Атырауда әйел 8-қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Massaget.kz-ке сілтеп.
Жергілікті арналардың бірінде қайғылы оқиға туралы ақпарат пайда болды. Желіде тараған ақпаратта әйелдің жасы 30-да болғаны, ол оқиға орнында көз жұмғаны айтылады.
Атырау облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.
1979 жылы туған әйел 9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында Алмагүл шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 8-қабатынан құлаған.
"Әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған жауапта.