Тибеттегі жер сілкінісі. Қаза тапқандар саны 95 адамға жетті

256
Adyrna.kz Telegram
Фото: BAZA
Фото: BAZA

Тибет автономиялық аймағында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95 адамға жетті. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, апат салдарынан қазіргі уақытта 130 адам жарақат алған.

«Жер сілкінісі бүгін таңғы 9:05-те (пекин уақыты) Сигадзэ қаласының Тингри уезіндегі Цого ауылында тіркелген. Зілзала магнитудасы 6,8 баллды құраған. Эпицентрден 20 шақырым радиуста 6 900 адам тұратын 27 ауыл орналасқан. Ресми деректер бойынша, қазіргі уақытта 130 адам жарақат алған. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін апат аймағына 3 400-ден астам құтқарушы мен 340 медициналық қызметкер жіберілген», — деп жазылған материалда.

Айта кетейік,  бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Мемлекет басшысы өзінің және Қазақстан халқының атынан қаза болғандардың отбасыларына және Қытай халқына көңіл айтып, зардап шеккендерге тез сауығып кетуін тіледі.

Пікірлер