АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласының билігі жаңа жыл түні болған қорқынышты оқиға туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Fox News-ке сілтеме жасап.
Жаңа Орлеан полициясының басшысы Энн Киркпатриктің пікірінше, демалушыларға соққы әдейі жасалған.
"Бұл адам мүмкіндігінше көп адамды басып өтпек болды", - дейді ол.
Мәліметтерге сүйенсек, адамдарға шабуыл жасаған ер адам полицейлермен атыс кезінде қайтыс болған. Бірақ оның тәртіп сақшыларының оғынан қаза тапқаны немесе өзіне-өзі қол жұмсағаны әлі белгісіз.
Қазіргі уақытта оқиға болған көшеде ФБР қызметкерлері жұмыс істеуде. Олар оқиға орнынан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар тапқанын хабарлады. Қазір саперлер олардың қауіпсіздігін анықтауда.
Жаңа Орлеан мэрі Латойя Кантрелл бұл оқиғаны "террористік шабуыл" деп атады. Алайда ФБР бұл мәлімдемені растамады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 1 қаңтар күні таңғы 3:15-те туристер арасында танымал Француз кварталында жаңа жылдық мерекелер кезінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, пикап адамдар тобына соғылып, содан кейін жүргізуші көліктен шығып, оқ жаудырған. Салдарынан 10 адам қаза тапқан және 30 адам жарақат алғаны. Сонымен қатар, екі полиция қызметкері де жараланған.