Әзербайжанға жауап па? Ресей шетелдіктердің визасыз жүру мерзімін қысқартты

632
Adyrna.kz Telegram
Фото: aviata.kz
Фото: aviata.kz

Ресей билігі осы елде шетелдіктердің визасыз режимде уақытша жүру мерзімін қысқартып жатыр. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 8 тамыздағы № 260-Ф Федералдық заңына сәйкес Ресей Федерациясына келетін шетелдік азаматтардың уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енеді. Шетелдіктердің Ресей аумағында болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде жалпы алғанда 90 күнге дейін қысқартылды», деп хабарлады сейсенбіде қазақстандық дипломаттар.

Елшілік түсіндіргендей, оқуға, жұмыс істеуге, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтар Ресей Федерациясының аумағында жылына 90 күннен астам бола алады.

Еске салсақ, бұған дейін Әзербайжан Ресей азаматтарының ел аумағында уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер енгізген болатын. Бұдан бұлай ресейліктер бір жыл ішінде елде 90 күннен артық бола алмайды.

Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Пікірлер