Әзербайжан Ресей азаматтарының ел аумағында уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер енгізді. Бұдан бұлай ресейліктер бір жыл ішінде елде 90 күннен артық бола алмайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Гаджизаде Ресей тарапынан енгізілген жаңа ережелер мен болу мерзімінің қысқаруы, ең алдымен, Әзербайжан азаматтарының құқықтарын қорғау тұрғысынан қарастырылғанын мәлімдеген еді.
Бұған дейін ресейліктер Әзербайжан аумағында жылына 180 күннен аспайтын уақыт бола алатын еді.