Тоқаевтың ұлына "қастандық жасамақ болғандар" айыпталды - БАҚ

1423
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Британияның Лондон қаласында сот алдында жауап беріп жатқан Болгария азаматтары Қазақстанға қарсы шабуыл дайындағаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Олар Ресей мүддесі үшін тыңшылық жасады деп айыпталған. Күдіктілердің бірі - тыңшылық желінің жетекшісі Орлин Русев. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлына қатысты материалдар әзірлемек болғаны айтылды.

Telegraph газетінің дерегіне сәйкес, Орлин Тоқаевтың ұлына қарсы материал дайындау мәселесін Интерпол іздеу салған Ян Марсалекпен талқылаған. Ал Ян Марсалек шабуыл жасауға тапсырыс беруші деп танылған.

Іздеуде жүрген Кремль атынан Тоқаевтың "ұлының қатысуымен түсірілген фейк гей-порно" жасау туралы тапсырма берген.

БАҚ мәліметінше, Орлин мен Марсалек жоспарын жүзеге асыру үшін "бал қақпанын" жасамақ болған. Бұл әдісті арнайы қызмет өкілдері жиі қолданады екен. Жоспар бойынша, әдіс романтикалық немесе сексуалды қарым-қатынас саяси мақсатта пайдаланылады.

Жазбаға сүйенсек, Марсалек гей-клубтың басшысымен сұхбат жасауы керек болған. Сұхбатта клуб басшысы "Тоқаевтың ұлының тұрақты қонақ екенін" айтуы керек еді.

Бұдан бөлек, Марсалек "қазақстандық атом электр станцияларына кибер шабуыл жасап, интимдік видеоларды жариялауды және валютаны құлдыратуды" ұсынған. Бірақ нәтижесінде топ бұл жоспардан бас тартқан. 2022 жылы Лондондағы Қазақстан елшілігінің алдында "жалған наразылық акциясын" өткізуге тоқталған.

Ақорда мәліметіне сәйкес, Тоқаевтың ұлының есімі – Тимур. Ол Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорды басқарады.

Пікірлер