“Ешқандай көмек көрсетілмеді”. Шерзат Полаттың отбасы көшірілді

1232
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Марқұм Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілгені анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл хабарды Айтбек Амангелді хабарлады. Ол қара жамылған отбасының басқа баспанаға көшірілгенін мәлімдеді.

“Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік. Нақты қай жерге көшірілгенін айтпаймыз, бұл - жариялауға жатпайтын ақпарат”,  – деді Айтбек Амангелді.

Ал отбасының адвокаты әкімдік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмегенін айтты.

“Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Алайда өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді”, – дейді отбасының адвокаты Саида Тәуекелова.

Пікірлер