Күдікті - туысы. Ана атанған мектеп оқушысы туралы жаңа деректер айтылды

1987
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Павлодар облысында 12 жастағы оқушы қыз зорланған соң жүкті болғаны туралы ақпарат тарады. Ол дүниеге қыз бала әкелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Басты күдікті ретінде оның туысы қамауға алынды.

Оқиға  Шарбақты ауданында болған. Қыздың жүктілігі туралы бірінші болып мұғалімдер білген екен. Олар оқушының бойындағы өзгерісті байқап, дереу ата-анасына хабарлағандарын айтады.

Ал оның туысы колледж студенті әрі туысы болып шықты.

"Жүктілік фактісін мектеп әкімшілігі оқушы көктемгі каникулдан оралғаннан кейін анықтады. Содан кейін ақпарат тиісті органдарға берілді. Бойжеткен мен оның анасы дереу ауруханаға жеткізілді. Науқас облыстық перинаталдық орталыққа 19 шілдеде түсіп, 20-сы күні босанған. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта Шарбақты ауданының ішкі істер органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – деді Павлодар облысының білім басқармасынан.

Оқушы атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққаны анықталған. Қыздың әкесін жергілікті әкімдік Галкин атындағы мектепте от жағушы болып жұмысқа орналастырған.

БАҚ-та мектеп директорының жұмыстан “қуылғаны” туралы деректер тарауда. Ал аудандық білім бөлімі бұл ақпаратты растамады.

"Факті анықталғаннан кейін директор жұмыста болды. Ішкі тексеру болды. Содан кейін ол уақытқа еңбекке жарамсыз демалысына кетті. Еңбекке жарамсыздық парағы шыққан соң өз еркімен арыз жазды", – деп түсіндірді аудандық білім бөлімінің басшысы Маралбек Итемгенов.

Айта кетейік, бұл Шарбақты ауданында жасөспірімдердің жүкті болуының екінші оқиғасы болып шықты.

Пікірлер