Алматылық оқушылар Гарвард пен UC Berkeley-ге оқуға түсті

1161
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық Shoqan School мектебінің үш оқушысы әлемнің ең беделді университеттері – Гарвард пен Калифорния университеті Берклиге (UC Berkeley) оқуға қабылданды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Сабыржан Арман есімді оқушы Гарвард университетінің компьютерлік инженерия бағдарламасына толық грантпен оқуға түсті. Оспан Томирис – Гарвардтың экономика факультетіне, ал  Жанділдаева Камилла – UC Berkeley университетінің Management, Entrepreneurship, and Technology (MET) атты ерекше бағдарламасына қабылданды. Айта кетейік, биыл бұл бағдарламаға 127 мың адам өтініш беріп, тек 200 үміткер ғана іріктеліп алынған. Сондай-ақ, Аружан Асыл Ұлыбританиядағы ең үздік Foundation бағдарламаларының біріне – University College London-ға түсті.

Shoqan School негізін қалаушылар – кәсіпкер Кеңес Рақышев пен эколог Әсел Тасмағамбетова – мектеп оқушыларына жалпы сомасы 173 миллион теңгеден астам стипендия бөлген. Ал әлемнің үздік 10 университетіне түскен түлектердің оқу ақысын өз қалталарынан толықтай өтеуді шешкен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер