45 жылдан бері бірінші рет. Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жарияланды

301
Adyrna.kz Telegram
Фото: CHUNG SUNG-JUN/GETTY IMAGES
Фото: CHUNG SUNG-JUN/GETTY IMAGES

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халқына жолдау жасап, елде  әскери төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Бұл туралы Yonhap  агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, бұған дейін Оңтүстік Корея президенті шұғыл кеңес өткізіп, өзіне импичмент жариялау әрекеті жасалғанын мәлімдеді. Ол оппозицияны елдің негізгі қызметтерін орындау үшін қажетті барлық маңызды бюджет қаражаттарын қысқартты деп айыптады.

Осыған орай Қазақстанның Кореядағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

“Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабыр сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз”, - делінген елшіліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, қараша айының ортасында Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға 40-қа жуық қоқыс шарын ұшырған еді. Сонымен қатар Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын бастаған болатын.

Елде бұдан алдыңғы әскери жағдай 1979 жылы жарияланғаны айтылады.

Пікірлер