Түркістанда қызметкерлерінің сыйақысын жымқырған басшы сотталды

1458
Adyrna.kz Telegram

Түркістан қаласында қызметкерлерінің сыйақысын жинап алған «Ветеринарлық қызмет» басшысы Б. Бегманов сотталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ведомство мәліметінше, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, аудандық 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген 5,5 млн теңгені жинап алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Дейтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер