Елордада әскери қызметкер “бала зорламақ болды” деген күдікке ілінді

1477
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/5d8d2b28-cfd7-4b3a-b695-26b315faaf2b-960x500.jpeg?token=7ec0185c702b46ba940f747e72ae1748
Елордада қорғаныс министрлігінің офицері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. БАҚ беттерінде қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары (бейресми мәліметтер бойынша - майор) Астанадағы ауруханда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тарап кеткен. Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.
Комментарии