Павлодарда ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

1642
Adyrna.kz Telegram
Фото: Astana.tv
Фото: Astana.tv

Павлодар облысында жасөспірім қызды өгей әкесі зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Павлодар облысы Майқайың ауылының тұрғыны 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Қазір ер адам қамауға алынған.

«Зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп түсіндірді Павлодар облысының полиция департаменті.

Облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растаған.

«Мүмкін зорлық-зомбылық бірнеше рет болған шығар, әрине, балаға көмек пен тексеру қажет. Дәл осы кезеңде мектеп мұғалімі қыздың күйзелісіне назар аударғанын айта аламын. Нәтижесінде бала өз мәселесін ашық айтып берген», – дейді Сәуле Шәкенева.

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл істі бақылауды жалғастырып, жәбірленушіге қажетті қолдау көрсететінін де атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер