Астана әуежайында алты рейстің ұшуы кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жоспарланған 75 рейстің ішінен алтауының ұшу уақыты кешіктірілгенін мәлімдеді. Ұшуы 10:10-дан бастап жоспарланған SU1957 Астана – Мәскеу; КС7208 Астана – Атырау; КС7315 Астана – Қызылорда; КС921 Астана – Франкфурт; DV716 Астана – Шымкент; КС642 Астана – Алматы рейстерінің көпшілігінің ұшу уақыты 14:00 мен 16:00 аралығына ауыстырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелмеген.
Жолаушылар рейстердің мәртебесі мен кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты әуе компаниясынан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан біле алады.