Қарағанды облысының оқушылары "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында қоқысты сұрыптап үйренеді

834
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. "Бөлу! Тапсыру! Қайта өңдеу!"  бастамасы аясында өңірдің 3 мыңнан астам оқушысы танымдық дәрістерге қатысып, қоқысты дұрыс сұрыптауды үйренді.

Бүгін Қарағандыдағы № 93 Шәкәрім Құдайбердиев атындағы гимназия оқушыларына қалдықтарды сұрыптау бойынша танымдық интерактивті сабақ өтті.

Оқушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауға көмектесетіні түсіндірілді. Олар пластика туралы көптеген жаңа деректерді білді. Мысалы, пластикалық бөтелке шамамен 500 жыл бойы шірейді. Барлық қатысушылар сыйлықтар алды.

Осыған ұқсас сабақтар бір уақытта тағы 4 қалалық мектепте өтті. Оларға 200-ден астам оқушы қатысты.

Сонымен қатар, Қарағандыда "Экобатыр"экологиялық байқауы ұйымдастырылды. 33 мектептің оқушылары әртүрлі аталымдар бойынша көшбасшы атағы үшін бақ сынасты. "Instagram-дағы ең белсенді команда"сияқты қосымша марапаттар да бар.

– Байқаудың негізгі мақсаты-балалар мен жасөспірімдерге қалдықтарды сұрыптау дағдыларын үйрету. Макулатура мен пластикалық бөтелкелерді жинауға баулу. Байқау екі бағытқа бөлінген: "Макулатураны жина-Ағашты сақта!"және" Пластикті қайта өңдеу – планетаға ауа қажет!». Қарағандыдан бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейінгі оқушылардан құралған мектеп командалары қатысты, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев.

Командалар барлығы 3573,52 келі макулатура мен 540,75 келі пластикалық бөтелке тапсырды.

Оқушылар жинаған қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырды.  Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Қазір байқау қорытындыланып, жеңімпаздар  анықталатын болады.

Байқаудың ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, серіктестері – Қарағанды қаласының білім бөлімі және "ВторСырье Караганда"ЖШС.

Пікірлер