Жойқын апат. Испанияда су тасқынынан 95 адам қаза тапты

960
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС
Фото: ВВС

Испанияда су тасқынынан кем дегенде 95 адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қала мен ауылды, ағаш пен көліктердің қирауынан бөлек, ондаған адам іздестіріліп жатыр.

Theguardian басылымының мәліметінше, Валенсия билігі тұрғындарды су басқан немесе жабылған жолдардан аулақ болуға шақыруда. Сондай-ақ, авариялық-құтқару қызметтерінің жұмыс істеуі үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттігін де атап өтті.

Испанияның төтенше жағдайлар министрлігі бөлімдерден 1000-нан астам сарбаз апаттан зардап шеккен аймақтарға жіберілгенін хабарлады. Ал орталық үкімет Валенсияға мәйіттерді тануға көмектесу үшін тоғыз сот-медициналық сарапшы жіберді.

Сейсенбі күні болған тасқын Испаниядағы 1996 жылдан бергі ең жойқын табиғи апат болып отыр. 28 жыл бұрынғы апатта 87 адам қайтыс болған еді.

Ал әлемде ірі су тасқыны оқиғалары 2021 жылдың шілде айында Еуропада болды. Табиғи апаттан Германия, Бельгия, Румыния, Италия және Австрияда 243 адамның өмірін қиды.

Пікірлер