2025 жылғы Беларусь сайлауы. Демократиялық күштердің күмәні мен талаптары

100
Adyrna.kz Telegram

2025 жылдың 26 қаңтарына Беларусь Республикасында ресми түрде «президент сайлауы» деп аталатын электоралды процедура белгіленгені мәлім болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ферғана агенттігінің мәліметінше, осыған байланысты Беларусь Республикасының сайланған президенті Светлана Тихановская, Беларусьтің Біріккен өтпелі кабинеті және Беларусьтің Үйлестіру кеңесі «2025 жылғы "сайлауға" байланысты Беларусьтің демократиялық күштерінің ортақ мәлімдемесі» атты құжатты жариялады.

Мәлімдеме авторлары:

«Сайлау науқаны Беларусь Республикасындағы терең саяси дағдарыс жағдайында өтіп жатыр. Александр Лукашенко билікті заңсыз ұстап отыр және беларусь қоғамына қарсы репрессиялар арқылы өзінің орнын сақтауда Кремльдің қолдауына сүйенуде», – деп атап өткен.

Сондай-ақ, мәлімдемеде «барлық репрессияларды тоқтату, барлық саяси тұтқындарды босату, Беларусь азаматтарының тұрғылықты жеріне қарамастан сайлауға толыққанды қатысу құқығын жүзеге асыру, жиналыс бостандығын қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдарына теңдей қол жеткізу, сайлауды ЕҚЫҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес және бақылаушылардың қадағалауымен өткізу» талаптары қойылған.

«Платформа 2025» резолюциясына сүйене отырып, Беларусьтің демократиялық күштерінің өкілдері 26 қаңтарда өтетін шарада аталған талаптар орындалмаған жағдайда сайлау процесінің имитациясы деп санау керектігін мәлімдеді.

Пікірлер