15 жастағы ұлынан айырылған әке сот отырысына шағымданды

895
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Қызылордада 15 жастағы ұлынан айырылған әке сот отырысына қатысты шағымын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Stan.kz мәліметінше, 43 жастағы Медеу Арыстанбек есімді азамат ұлы Абдул-Азиз өзінен 9 жас үлкен жігіттердің әлімжеттігінен көз жұмған айтқан болатын. Үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке қазір сот процесі мүлде ақылға сыймайтын форматта өтіп жатқанына шағымдануда.

Оның сөзінше, бірінші сот отырысын еш хабарламастан жәбірленуші тараптың қатысуынсыз өткізіп жіберген. Ал үшінші сот отырысы уақытында басталмаған. Себебі сол кезде прокурор мен айыпталушының адвокаты бір кабинетте ақылдасып отырған.

“2021 жылы жұбайым үш баламды тастап ажырасып кетті. Екі қызым мен жалғыз ұлым осы еді. Өзі спортшы болды. 90 келі салмақта облыстық қол күресінен 1-2-орынды ешкімге бермей келе жатқан. 15 жаста әлі сүйегі қатпаған бала еді”, – деді Медеу Арыстанбек.

Көз жұмған оқушы Абдул-Азиздың ісі Жаңақорған аудандық сотында қаралып жатыр.

“Тергеу ісі толық аяқталмаған. Солай сотқа өткізіп жіберіп отыр. Оны бізге де ескертпеген. Тергеудің сотқа жеткенін кейін ғана білдім. Бірінші сот отырысы болайын деп жатыр деген хабарлама да, шақырту да келмеді. Жәбірленушілер тарапынан бұл отырысқа қатыспадық та. Айыпталу актісін заң бойынша тергеуші маған алдын ала беруі керек екен. Ал олар болса актіні маған 20 күннен кейін екінші сот отырысы кезінде беріп тұр. Онда да сот үстінде берді. Кешегі үшінші сот отырысы 15:30-да басталуы керек болған. Алайда басталмай күтіп қалдық. Болмаған соң сағат төрттерде менің адвокатым “бұл не деген бассыздық” деп сот залынан шыққан кезде өзге кабинеттен прокурор мен айыпталушының адвокаты бір жерде отырғанын көрді. Сот кешігіп, басталмай жатты. Ал олар болса бір бөлмеде нені ақылдасып отырғандары белгісіз. Күдік көп, әділетсіз болғалы тұр, – деді марқұмның әкесі.

Медеу Арыстанбек сол іске қатысы бар үш ұлдың біреуі ғана кінәні мойнына алып отырғанын жеткізді. Ал қалған екеуі күдікті болудың орнына куәгерге айналып кеткен екен.

Жәбірленуші тарап басты күдікті болып, қамауда 24 жастағы жігіт отырғанын хабарлады. Ал төбелестің басты себебі әлімжеттік екен. Медеу Арыстанбек ауылда үлкен жігіттердің кішкентайлардан ақша жинайтынын да жасырмады.

Пікірлер