Түркияның астанасында болған теракттан кейін әлеуметтік медиа платформаларын қолдануда қиындықтар пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Түрік аэроғарыш өнеркәсібі компаниясы (TUSAŞ) ғимаратына жасалған жойқын шабуылдан кейін Түркия аумағында X, Instagram, Facebook, YouTube және осы сынды өзге де әлеуметтік медиа платформаларына кіру шектелген.
Желі қолданушылары аталған платформаларға тек VPN көмегімен кіргенін айтуда.
Түркия билігі әзірге бұл шектеулерге қатысты ресми мәлімдеме жасамады.
Теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алды.