Депутаттың ұлы үшін шенеунік жауап берді

127
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пробациялық бақылауды бұзғаны үшін сотталған депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Мәжіліс алаңында журналистер Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасарынан пробациялық бақылауды қадағалауға жауапты қызметкерлерге қатысты тергеу жүргізіле ме деп сұрады.

«Біз бұл іс бойынша қызметтік тексеру жүргіздік. Қатаң шаралар қолданылды, біздің қызметкерлер жазаланды», - деді Лепеха.

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында Нұрасыл Болат адвокат Олег Чернов пен оның әйелі Аннаны ұрып-соққаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған еді. Нұрасыл Болат бас бостандығын шектеу жазасын өтеп, Алматы пробация қызметінің есебінде тұрды. Оған түнгі уақытта шығуға шектеу қойылды. Алайда, бірер күн бұрын Нұрасыл Болаттың тойда жүргені туралы ақпарат тарады. Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталушыға ескертулер беріліп, жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесін шешу үшін сотқа материалдар дайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 11 ақпанына қараған түні Алматыда Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты адвокаттар Чернова мен Дмитриевичті ұрып-соққан болатын. Кейінірек Тұрлыхановтың ұлы мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері екені белгілі болды және ол заңгерлерді ұрған жерде болмауы керек еді.

Пікірлер