CЕРІК ПІРНАЗАР: Мемлекеттік сыйлықтың қаулысы әлі шыққан жоқ. Бірақ...

1257
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік сыйлықтың қаулысы әлі шыққан жоқ. Бірақ бәйгеден маңдайы жарқырап озып шыққандар арасында Құлбек Ергөбек пен Светқали Нұржан бар дегенді естігенге өз басым қатты қуанып отырмын.

Екеуі де еңбектері сіңген ерлер, оған ешкімнің дауы бола қоймас деген үміттемін.

Ал "прозадан лауреат болмайды екен" делінгелі дегбірім қашты. Меніңше,.осы жолы ұсынылып отырғандардың бәрі де лайықты. Қазақ әдебиеті прозада бұрын-соңды дәл қазіргідей буырқанысты дүркіреуді бастан кешіп көрген жоқ. Егер биыл ешкімге берілмесе, бұдан өткен қиянат пен қысастық болмайды. Мәди Айымбет, Қуаныш Жиенбай, Қуандық Түменбай, Асқар Алтай, Әділбек Ыбырайымұлы, Думан Рамазан... Менің естігенім осылар. Аталғандардың қай-қайсысы да лайық.

Соңғы жылдары жазып жүрген өз кітабыма байланысты Әбілқайыр хан мен Бопай ханымды біраз зерттедім. Соған орай ханымның қазақ тарихында алатын зор ролі барына көз жеткіздім. Олай болса, Бопай туралы жазылған романның да құнды екені анық. Бұлардың бәрі қазақ әдебиетінде өз орындары мен өрнектері бар қаламгерлер. Соның ішінде "Семсер жүзіндегі серт" секілді трилогия да жыл тұрмақ, он-жиырма жылда да жазыла бермейді. Бізде эпик жазушылар да көп болған жоқ. Саусақпен санаулық қана. Қайсы бір жылы Сайлаубай Жұбатырұлы да "Абыржы" деген эпикасымен құлатып жіберілді. Мұның бәрі әдебиетті бағаламау болып табылады.

Қалай дегенде де, әдебиеттің тірегі - проза. Бұл саладан қолдың саласындай болып үзіліп шығып тұрған туындылардың бәрі мемлекеттік сыйлық сүлбесінің күресініне лақтырыла салынса, жалпы әдебиет туралы сөз қозғап, ой сораптап жатудың өзі артық.

Дегенмен, бұлардың өзі Құлбек пен Светқали үшін қуаныштың қауызын баса алмайды.

Өз пайымым.

Serik Pirnazar

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер