Түркия президенті әйелдерді өлтіру дерегінен кейін заңды күшейтпек

1108
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Түркия президенті Режеп Ердоған әйел адамға жасалған шабуылға қарсы шара қолдануға, қылмыскерлерді жазалау жүйесін қатайтуға уәде берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Azathabar.com мәліметінше, Түркияда әйелдерге жасалған аяусыз шабуылдардан кейін халықтың наразылық толқыны күшейген.

Түркияда әйел адамға қатысты зорлық-зомбылық пен қылмыстар жиілеген. Деректерге сүйенсек, биылғы жылдың басынан бері 300-ге жуық әйел кісі қолынан қаза тапқан.

Түркияда бірер апта бұрын 19 жастағы қасапшының әйелдің басын кесіп алып, айуандықпен өлтіргені елді шулатып, қоғамдық резонанс тудырған. Кейіннен дәл сол күні оның тағы бір әйелді бауыздап өлтіргені анықталған.

Өткен айда 26 жастағы полицей әйелді өлтіру, одан да өзге қылмыстар халықтың наразылығын тудырған. Азаматтар бірнеше айып тағылған қылмыскерлерге қылмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін жазасыздықты тоқтатуды талап етіп, пікір білдіруде.

Ал Түркия президенті Ердоған жағдайға алаңдаушылық білдіріп, қылмыстық жүйені қайта қарауға уәде берді.

Пікірлер