Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртенді

5554
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматы облысы, Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің үйі толығымен өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Марқұмның үйі сенбіге қараған түні өртенген. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендердің бар-жоғы нақтылануда.

Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады.

"Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", – делінген ПД хабарламасында.

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынған. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатқаны айтылды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен оқиғаға себеп болуы мүмкін себептер анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.

Алматы әкімдігі марқұм Шерзаттың отбасының баспанасын қалпына келтіруге көмектесетін болды.

Айта кетейік, Талғарда сыра үшін төбелескендердің қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі қоғамдық резонанс тудырды.

Пікірлер