Адам зорлауы мүмкін. Талғар абақтысынан қашқан күдікті ұсталды

1146
Adyrna.kz Telegram

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Бұл туралы облыстық департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты.

«Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 26 жастағы күдікті 21-қазан күні қашып кеткен еді. Ол қамалғанға дейін Тереңқара ауылында тұрған. Ер адам зорлық жасады деген күдікпен ұсталған еді.

Пікірлер