Композитор Қалдыбек Құрманәлі жүрегінен талма ұстап, ауруханада екені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақпаратты Alash.kz ұлттық порталы жариялады.
Танымал композитордың қазіргі жағдайы туралы қызы Әнару Қалдыбекқызының адвокаты Ләззат Ахатова ханым өзінің facebook парақшасында айтты.
"Қыздың әкесі Қалдыбек аға жүрегінен приступ беріп, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргем, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымда емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас Прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек. Тағы не айтайын, Сіздерге?",- деп жазды ол парақшасына.
Айта кетейік, композитордың қызы Әнару Қалдыбекқызы мен танымал спортшысы Жанқош Тұраровтың жеке қарым-қатынасы жария болып, үлкен дау туған еді.