"Өлгендер қайтып келмейді". Ұлттық пантеонды кеңейту жоспарда жоқ - әкімдік

1289
Adyrna.kz Telegram
Фото: Inform.kz
Фото: Inform.kz

Қазақстанда ұлттық пантеонды кеңейту жоспарда жоқ. Бұл туралы Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Vlast.kz сайтына сілтеп.

«2025 жылға арналған бюджет жобасында пантеонды кеңейтуге қаражат қарастырылмаған. Қазіргі уақытта пантеонға жерлеу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өткен жылы пантеонның атын өзгертуге болатыны туралы әңгіме болғанымен, әкімдік мұндай сұрақ қазір туындамайды деп жауап берді.

Бірінші кезеңнің бірінші іске қосу кешені салынды, оның аясында Қабанбай батыр кесенесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құлпытастарды орнату арқылы оған жақын аумақтар мен қолданыстағы жерлеу орындарын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жобаның құны 850,3 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, ескерткіштер демеушілік қаражат есебінен жасалған.

Қазір пантеонда 25 орын бар, дегенмен әкімдік қажет болған жағдайда пантеонды кеңейтпей-ақ орындардың санын 40-қа дейін арттыруға болады деп сендірді.

Пікірлер