Президент тамбурдағы әлімжеттікті көрді, тапсырма берді

1503
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік бейне пайда болды. Онда пойызда жас сарбазды ұрғандар түсірілген. Президент желіде тараған видеодағы қаскөйлерді ұстап, жазалауды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видеода Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған. Мемлекет басшысы Тоқаев бейнематериалмен танысып шықты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Оның сөзінше, Президент ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған.

"Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын", – деп жазды ол.
Пікірлер