Бақытбек Рахымбердиев терроризмге қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды

348
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары – терроризмге қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Рахымбердиевтің бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің бірін басқарғаны белгілі.

Пікірлер