Компаниялардың қарызынан Алматы маңындағы бірқатар ауыл жарықсыз қалды

894
Adyrna.kz Telegram
фото: Егемен Қазақстан
фото: Егемен Қазақстан

Іргелі, Әйтей ауылдық округтері мен Қаскелең қаласында электр жарығын беру шектелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бүгінгі күні Іргелі және Әйтей ауылдық округтерінде, сондай-ақ Қаскелең қаласында бірқатар тұрғын алаптар мен кешендерде электр жарығын беру уақытша шектелді: «Асыл арман» тұрғын үй кешені, «Өмірзақ» тұрғын үй кешені, «Қарлығаш» тұрғын үй кешені, «Алтын ауылы» тұрғын үй кешені», - делінген хабарламада.

Халықты жарық пен сусыз қалдырған электр қуатының үзілуі «BeyAzhTrans» ЖШС (Т278 164 019) және «Таусамалы қызмет МКҚК (Т14 млн.)«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС алдында ірі көлемдегі қарыздың болуымен байланысты екені хабарланды. 

Қазір жергілікті атқарушы органдар «BeyAzhTrans» ЖШС басшылығымен бірлесіп, қарыз жағдайын реттеп, электр қуатын беруді қалпына келтіруде.

Пікірлер