8 адам қаза тапты. Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

920
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болып, сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы Полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 16 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігі мен шағын автобусқа соқтығысқан.

«16 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық жолының 526-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Cadillac Escalade жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сосын, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Содан кейін Cadillac Escalade көлігі өз жолағына қайта шығып, Газель көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көлік өртенді», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында. 

Апат салдарынан екі жүргізуші мен бес жолаушы, оның ішінде екі жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікірлер