Астанада жол жөндеп жатқан жұмысшылардың бірі мерт болды

1456
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Астанада 14 қыркүйек күні жеңіл көлік жол жөндеп жатқан жұмысшылардың бірін қағып, мерт етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі Өндіріс көшесінің бойымен Ақбидай көшесіне қарай келе жатқанда болған.

"Ер адамды қағып кеткеннен кейін, Lada жолдың қарсы бетіне шығып KIA Sportage көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Kia Sportage-нің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін олар үйіне босатылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал жүргізуші Астана қалалық ПД-ның тергеу изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Пікірлер