Жағдайлары ауыр. Ақтауда жол-көлік апатынан екі бүлдіршін зардап шекті

944
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда автодром маңында жол-көлік оқиғасы болып, екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы.

Облыстық жедел жәрдем және шұғыл медициналық қызмет көрсету станциясының мәлімдеуінше, оқиға 13-қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Жедел жәрдемді шақырту уақыты сағат 21:07-де тіркелген.

Жол апатынан 2008 және 2012 жылы туған екі қыз зардап шеккені белгілі болды. Олар ауыр халде Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасына себепкер болған жүргізуші ұсталып, оның салдарынан адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Полиция тергеуді жалғастыруда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Пікірлер