Үкіметтің Ұлттық қордан триллион сұрайтыны айтылды

835
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан үкіметі бюджет тапшылығының салдарынан Ұлттық қордан қаржы алмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

«Қосымша трансфер қазір есептелініп жатыр. Бұл – 1,5 триллион мен 2 триллион теңгенің арасында. Бұл – менің сарапшылық бағамым. Қазір, бәлкім, бұл туралы айту дұрыс емес шығар», – деді Азамат Әмрин Мәжіліс дәлізінде.

Вице-министрдің айтынша, Ұлттық қордан қосымша трансфердің нақты саны қыркүйек айының соңында белгілі болмақ.

«Биылғы сегіз айда мемлекеттік бюджет кірісі 94%-ға орындалды, бірақ республикалық бюджеттің кірісі 84%-ға дейін төмендеген», – еді вице-министр.

Пікірлер