Энергетикалық сусын ішкен жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап кеткен

1128
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Алматыдан Қарағандыға жолға шыққан ер адамның жағдайы күрт нашарлап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

11-нен 12-не қараған түні трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушысының денсаулығы нашарлағаны туралы хабар түсті.

Аө халаттылар 1981 жылы туған ер адамның жол үстінде 2 банка энергетикалық сусын ішкенін анықтады. Салдарынан жүргізушінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Жігітке жіті панкреатит диагнозы қойылып, медициналық көмек көрсетілді.

«Энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін» деп ескертеді апаттар медицинасы қызметі.

Пікірлер