Маңғыстау облысында 60-қа жуық мектеп оқушысы астан уланды

1190
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында 60-қа жуық мектеп оқушысы астан уланып қалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.

«6 қыркүйек күні кешке N8 мектептің 21 оқушысының ата-анасы балаларының іші ауырып, дене қызуы көтерілгесін, жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Сағат 13:15-те медициналық көмекке 58 бала жүгінген. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үйінде, бесеуі ауруханада жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Бесшоқы ауылындағы 1-сынып оқушысының туыстарының бірінің мәлімдемесіне қарағанда, N8 мектепте бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланған.

«Қарындасым сабақтан шаршап қайтып, ұйықтағысы келетінін айтты. Кешке оянған кезде жүрегі айнып, қызуы 39,2 дейін көтерілді. Оны өзіміз Маңғыстау ауылындағы ауруханаға жеткіздік», - дейді қыздың ағасы.

Зардап шеккен 1-сынып оқушысының туыстары Бесшоқы ауылында ауруханаға адам толып, кезек пайда болғанын айтады. Олардың айтуынша, онда 50-ден астам бала жүрген.

«Ақтау қаласының 26-шағын ауданында орналасқан Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына балаларын жеткізгендер бар», - делінген хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер саны жалғасуда.

Пікірлер