Димаш Құдайберген Көшпенділер ойынының ашылу салтанатында ән айтады

647
Adyrna.kz Telegram

Жексенбі, 8 қыркүйек күні Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатының алдында үлкен концерт өтеді. Концертті халық әртісі, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген  музыкалық композициямен аяқтайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ал, ойындардың ресми ашылу салтанаты кешкі сағат 19:00-ге жоспарланған. Концерттік бағдарламаға бас-аяғы 3000 өнерпаз қатысады деген болжам бар. Көшпенділер ойынының ашылу салтанатындағы концерт те, ресми бағдарлама да бірнеше телеарнадан тікелей трансляцияланады.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада Орталық Азия көшпелі халықтарының дәстүрлерінен бастау алатын ұлттық спорт түрлеріне арналған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Пікірлер