"Орамалға тиіспеңдер!" TikTok блогері мәжіліс депутатына шүйлікті (ВИДЕО)

1371
Adyrna.kz Telegram

TikTok белсендісі Мадияр Телғозиннің Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидың орамалға қатысты айтқан мәлімдемесіне шүйліккен видеосы көптің ашуына тиді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Телғозин видеода қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салатын заңды қарастырған мәжілісмендердің мәлімдемесін талқыға салып, түрлі боқауыз сөздердің баламасымен орамалға қарсы шықпаңдар деп даурығады:

"Біз текті халықпыз. Ежелден мұсылманбыз. Ертең өлсек өлігімізді, әрбір қазақты мұсылманша жаназа оқып шығарады. Орыстар сияқты табытпен шығармайды ғой. Сол үшін ағайындар орамалға тиісе бермеңдер" дейді ол видеода.

Видео бір күнде жарты миллионға жуық қаралым жинап, қызу талқыға түсуде. Пікірлер бөлімі де екіге бөлінді. Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов Мадияр Телғозиннің аталмыш видеосына қарсылық білдіріп, желіде жазба жариялады:

"Ерекеңнің (Ермұрат Бапи - журналист) осы уақытқа дейін жасаған дүниесінің 5 пайызында жасап көрмеген, тик токтағы лайкті халықтың ризалығымен, махаббаты деп шатасып, бір сәттік танымалдылыққа мас боп жүрген жас бала — осы жолы тым артық кетті деп білемін. Мәжіліс депутаты деген көшеде келе жатып немесе былай әлеуметтік желіде аузыңа кегенді бетіне айтып айтып тастайтын көшеде жүрген біреу емес. Ол халық қалаулысы. Парламент мүшесі! Мына бала, Ермұратты мұқатам деп, өзі байқамай, оған дауыс берген мыңдаған электоратқа, оны сыйлайтын мына біздерге һәм күллі Парламентке түкіріп отыр деп білем! Сол себепті, құзырлы органдар. Мына істі бей жай қалдырмауларыңызды сұраймын!" дейді ол.
Пікірлер